Жарияланымдар Этикасы

ҚР ҰҒА-НЫҢ ЖУРНАЛДАРЫНДАҒЫ РЕДАКЦИЯЛЫҚ ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНЫМДЫҚ ҚАТЕЛІКТЕР

Журналдағы жарияланым мен этикалық принцип үшін этика жөнінде ақпарат алу мақсатында мына сілтемеге назар аудару керек http://www.elsevier.com/publishingethics 
немесе http://www.elsevier.com/journal-authors/ethics.

ҚР ҰҒА-ның ғылыми журналдарына мақалалар жариялау үшін бірнеше факторлар ықпал етеді. Мәселен, жарияланғалы отырған мақала бұрын-сонды жарыққа шықпаған (тек қана аннотация түрінде немесе академиялық диссертацияның бір бөлігі ретінде немесе электронды препринт http://www.elsevier.com/postingpolicy), басқа редакциялық мекемелерде дайындық үстінде болмауы, өзге орындарда дәл осы формада ағылшын немесе өзге барлық тілдерде шықпауы, барлық авторлардың толық келісімінсіз жарық көрмеуі, авторлық құқықтың бұзылмауы, барлық авторлардың  электронды нұсқада келісімінің болуы тиіс. Жұмыстың ағылшын тіліне аударылуы өзге жарияланымдарда жарық көрген болса, ондай ғылыми еңбектер жарияланбайды.

Мынадай формадағы ғылыми этикалық қателіктер жіберілмеуі тиіс, мысалы, плагиат, фальсификация, фальсификацияланған мәліметтер, өзгенің жұмысын дұрыс талдамау, жалған сілтемелер және т.б. ҚР ҰҒА-ның басылымы редакциялық этика тәртібі жөніндегі Кодексті толыққанды ұстанады және күдіктенген ақпарат пайда болған кезде аталмыш мекеменің құрылымдық схемаларына сүйенеді http://publicationethics.org/files/u2/New_Code.pdf.  Сіздің жарық көргелі тұрған еңбегіңіздің түпнұсқалық формасын тексеру мақсатында http://www.elsevier.com/editors/plagdetect жасалынады.

Авторлар жарияланымды рецензиялаған, оған түзетулер мен толықтырулар енгізілген кезде болуы тиіс. Барлық авторлар мұндай процестердің зерттеулеріне атсалысуы қажет.

Рецензенттер өзіндік ой-пікірлері мен тұжырымдарын әлі де болса жарияланбаған ғылыми еңбектерге білдіруі керек. Талдаудан өткен мақалалар өз құпиялылығын сақтайды. Рецензенттер мақала авторы немесе демеушісімен ешқандайда кикілжіңдер жоқ болған жағдайда ғана таңдап алынады.

Редакторлардың жұмысты қабылдауы немесе қабылдамауы, қай уақытта қабылдайтындығы өз еріктерінде. Олар рецензенттердің құпиялылығын сақтай отырып, жұмысқа толықтырулар мен өзгертулердің орын алуына ықпал етеді. Мақалалардың жарыққа шыққаннан кейін, мақала авторының авторлық құқығы бірден  ҚР ҰҒА-на өтеді.

ҚР ҰҒА-ның редакциясы редакциялық этиканы бақылайды және өз қорғауына алады.

 

Біздің журнал

Күнтізбе

« Шілде 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31