Авторларға

ҚР ҰҒА ЖУРНАЛДАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

МАҚАЛАЛАР РЕЦЕНЗЕНТТЕРГЕ САРАПТАМАҒА БЕРІЛЕДІ

 

Құрметті авторлар! 

 

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 «2016-2019 жылдарда Қазақстан Республикасының білім мен ғылымы дамуының Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» (одан әрі - Бағдарлама) жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (одан әрі – ҚР ҰҒА) Төралқасымен ҚР ҰҒА журналдарында жарияланатын мақалаларға қойылатын Ережелер мен талаптарға өзгерістер бекітілген (ҚР ҰҒА Төралқасының 22.09.2017 ж. № 27 Қаулысы). 

     Бағдарлама мақсаттары мен міндеттерін орындау мақсатында ҚР ҰҒА журналдарын Scopus пен Clarivate Analitics (Thomson Reuters) мәліметтер базасына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ҚР ҰҒА журналдары Scopus пен Clarivate Analitics Кеңестік Комиссиясының (CSAB) сараптау кезеңін өтуде.

     Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарияланымға қабылданатын мақалалардың барлығы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде және мақаланың толық ағылшынға аударылған нұсқасымен бірге қабылданады. Ағылшын тілінде аударылған нұсқасы болмаған жағдайда мақала кері қайтарылады.

     Сонымен қатар Scopus Кеңестік Комиссиясының (CSAB) авторлар мен аудиторияны  интернационалдардыру талаптарын ескере отырып, журналдар редколлегиясы мақалаларды алыс және жақын шетел ғалымдарымен бірлесіп жариялауды ұсынады.

     Журналдарда әртүрлі жаратылыстану-техникалық және қоғамдық ғылымдар салаларындағы зерттеу нәтижелері жөнінде ғылыми мақалалар мен жазбалар, экспресс-хабарламалар жарияланады. 

     Жариялау туралы шешім рецензиялаудан кейін  ұсынылған материалдардың ғылыми маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, журналдың редакциялық алқасымен қабылданады. Редакциялық алқамен қабылданбаған мақалалар қайта қабылданып, қаралмайды. Ереже бойынша рәсімделмеген жазбалар қаралмастан авторларға қайтарылады.

     Жазбаны редакцияға ұсынарда авторларға осы зерттеу саласындағы мамандардан үш потенциалды рецензентті (толық аты-жөнімен және электронды-пошталық мекен-жайымен) белгілеу ұсынылады.

     Жазба редакциялық алқаның мүшесі мен ұсынылған рецензенттердің біреуіне пікірге жіберіледі; даулы мәселелерде редакциялық алқаның қарастыруы бойынша қосымша рецензенттер тартылады; мамандардың қорытындыларының негізінде редакциялық алқа жазбаның арғы тағдырын анықтайды: ұсынылған күйде жариялауға қабылдау, жетілдіру қажеттілігі немесе қабылдамау. Қажетті жағдайда жазба рецензенттер мен редакторлардың ескертуі бойынша авторларға толықтырылуы үшін қайтарылады, содан кейін ол қайта рецензияланып, редакциялық алқа жазбаның жариялауға жарамдылығы туралы сұрақты қайта шешеді. Қайта өңделген жазба редакцияға авторлар пікірлерді алғаннан кейін бір айдың ішінде қайтарылуы керек; кері жағдайда жазба жаңадан түскен ретінде қайта қарастырылады. Рецензиялау барысында жеткіліксіз жоғары бағаларға ие болған жазба журналдың жариялану профиліне немесе дәрежесіне лайықсыз  ретінде қабылданбайды.

     Авторлар ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен маңыздылығы және жұмыстың ғылыми мазмұнының өзектілігі үшін жауапты жүктейді.  ПЛАГИАТ рұқсат етілмейді. – физикалық тұлғамен әдейі жасалған басқа адамдарға өзі туралы автор ретінде жалған мәліметтер жеткізіп, заңсыз түрде бөтен адамның шығармашылық еңбегін қолдану.

     Редакция қосылған файлдар формасындағы (Айтбаев.doc) This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. редакция адресіне электрондық пошта арқылы қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі жазбаларды қарауға қабылдайды. Жазбалармен жұмыс істеу кезіндегі барлық сатыларда, сонымен қатар авторлармен, редакторлармен және рецензенттермен хабарласу үшін редакция электронды-пошталық байланысты қолданады, сондықтан авторлар жазбада көрсетілген электронды мекен-жайға өте мұқият болуы керек және орын алған өзгерістер жайлы уақытында хабарлаулары тиіс. 

     Редакцияға мақаланы жіберу авторлардың ұқсас материалды (түпнұсқасында немесе басқа тілге немесе басқа тілден аударып) басқа журналға жібермегендігін, осы материал бұрын жарияланбағандығын және басқа басылымға басып шығаруға жіберілмейтіндігін немесе басқа журналда басылымға қабылданбағандығын білдіреді. Егер жазбамен  жұмыс барысында ұқсас материал (басқа атаумен және авторлардың басқа ретімен болуы мүмкін) басқа журналға жіберілсе, мақала авторларға бірден қайтарылады, болған оқиға жайлы осы материалды қарастыруға алған журналға Редакция мен Басылымның авторлық құқықтарын бұзғандығы үшін қабылдамауға ұсынылып, хабарланады.  

     Мақала материалы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндемені, әдебиеттер тізімін, суреттерді, суреттер мен кестелердің астындағы жазылған жазуларды қосатын мәтін, бір файлмен рәсімделеді; әр сурет қосымша жеке файлдар ретінде рәсімделеді. Егер жіберілетін материал көлемі бойынша үлкен болса, архивтеуге арналған бағдарламаларды қолдану керек. Жазбалардың барлық беттерін, соның ішінде кестелерді, әдебиеттер тізімін, суреттерді және олардың астындағы жазуларды нөмірлеу керек.

     Жариялануға ұсынылған материалдар төмендегідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:

     1.    Бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған    физика, математика, механика, информатика, биология, медицина, геология, химия, экология, қоғамдық және гуманитарлы ғылымдар саласындағы өзекті мәселелер бойынша түпнұсқадағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері болуы керек. Мақала зерттеу жүргізілген мекеменің жариялауға рұқсатымен бірге жүреді. 

     Мақаланың мөлшері – Word  редакторында Times New Roman шрифтімен терілген, төменгі және жоғарғы жақ шеттері  – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жақ шеті 1,5 см болатын,  жұмыстың мақсатын, жұмыс жүргізу әдісін немесе әдістемесін, жұмыс нәтижелерін, нәтижелерді қолдану аясын,  қорытындыларды (аннотация кем дегенде 20 сөйлем (150»300 )-(ағылшын тілінде) 1 компьютерлік интервал арқылы), кестелерді, суреттерді, әдебиеттер тізімін (1 компьютерлік интервал арқылы, шрифт мөлшері - 14), көрсететін  негізгі мәтіннің алдындағы  аннотацияны қосқанда  7-10 бет (шолу сипатындағы мақалалар – 15-20 бет). Суреттердің саны – 5 - 10.   

 

     Құрылымы халықаралық IMRAD формуласына сай болуы керек, мұндағы I – introduction (кіріспе), M – Methods (әдістер), R – Results (зерттеу нәтижелері), A – и, D – conclusion+ discussion (қорытынды, нәтижелерді талқылау мен тұжырымдар). 

     Атауы • Жұмыстың мазмұнын көрсетеді • Қысқа • Қысқармасы

     Тегінің жазылуын нақтылау.

     Ұйым атауын ағылшын тіліндегі нұсқасын ресми түрде бекітіп, қысқартып көрсету.

     Түйіндеме • Құрылымдалған • Қысқартпаларсыз • Мақала құрылымын көрсетеді – Не үшін? (өзектілігі) – Қандай әдістермен? – Не алынды – Білім шеңберін қалай өзгертті. Бірінші кезекте оны оқиды, тек жақсы түйіндеме назар аудара алады.

     Кіріспе • Жұмыстың өзектілігі • Қандай міндеттер қойылған • Не үшін

     Әдістер • Санамалау • Белгілі әдіс болса – сілтемесін беру • Егер жетілдірілген болса – қалай екенін көрсету • Қайталай алатындай сипаттау • Статистика!

     Нәтижелері • Хронологиялық емес, логикалық баяндау рұқсат етіледі • Барлық жасалған емес, ең негізгілері •               Минималды қажетті жиынтық мәліметтермен суреттеледі (бастапқы мәліметтер қосымша материалдарда болуы мүмкін) 

     Талқылау • Нәтижелерді қайталамау • Алынған мәліметтерді алдынға мәліметтермен салыстыру • Мүмкін себептер мен салдарларды талқылау

     Әдебиеттер тізімінің қызметтері: • Идеяны дәлелдеу • Бұрынғы мәліметтермен салыстыру • Зерттеу орнын белгілеу • Плагиатты болдырмау • Журнал мен ғалым үшін = мойындалуы • Көп жағдайда тек жеке жұмыстар немесе өте ескі жұмыстар көрсетілген (өзіндік дәйексөз алу жалпы әдебиеттер тізімінің тек 10-15% рұқсат етіледі) • Көшірмелі қателер

     Айырмашылығын біліңіз • Сілтемелер • Әдебиеттер тізімі • Библиография

     Неден дәйексөз алуға болады • Кітаптар (монографиялар, тараулар) • Ғылыми журналдар мақалалары • Конференциялар материалдары • Патенттер • Дисертациялар • Жарияланбаған мәліметтер • БАҚ • Веб ресурстар (хаттамалар, веб парақшалар) Мәліметтер көзі сенімді және қол жетімді болуы тиіс.

 

     МАҚАЛА ағылшын тілінде БАСТАЛАДЫ.  Мақаланың басы мен ортасында мақаланың атауы бас, қалың әріптермен жазылады, мақаланың атауы қысқа және сыйымды, жүргізілген зерттеулерге сәйкес ағылшын тілінде шамамен 30-40 белгіден тұрады.

     Әрі қарай келесі жолда – авторлардың инициалдары мен тектері қарапайым қалың әріппен, кейін келесі жолда – жұмыс жүргізілген ұйымның атауы, қаласы, елі, содан кейін келесі жолда – авторлардың E-mail адрестері жүреді. Азат  жолдан түйін сөздер (Key words), ал жаңа жолда – аннотацияның өзі (Abstract – кем дегенде 150»300   сөз).

     Әрі қарай, бір жолды тастап кеткеннен кейін орыс тілінде басталады.  Мақаланың басында сол жақ жоғарғы шетінде ӘОЖ, ХҒТАР индексін көрсету керек. 

     Кейін, беттің ортасына келесілер жазылады: 1) мақаланың атауы; 2) авторлар; 3) ұйымның атауы; азат жолдан бастап – Түйін сөздер, кейін  Аннотация (шрифттердің рәсімделуі ағылшын тіліндегідей).

     Бір жол тастаймыз да мақаланың өзі басталады. Мақаладан кейін Әдебиеттердің тізімі жүреді. Әдебиеттік көздерге сілтемелер тік жақшалардағы сандармен аталғаны бойынша  (кем дегенде 20 сөз) беріледі.

 

     2018 ж. бастап әр мақалаға DOI (Digital Object Identifier) міндетті – бұл құжаттың сандық сәйкестендіргіші. DOI дегеніміз қажетті құжат бар сай өзгерген жағдайда да құжатты табуға көмектесетін гиперсілтеме қызметін атқарады. Осы индекстің арқасында ғаламтордан ғылыми ақпаратты іздеу жеңіл және тиімдірек болды. Әр басылым, журнал өзінің ғаламтордағы веб парақшаларында ағымдағы және мұрағаттағы сандары мен материалдарын орналастырады. Осылайша, ашық қолжетімділікте мақаланың атауын, автордың аты-жөнін, аннотация мен түйін сөздер, жұмыстың орындалу орнын және жарияланған мақалалардың шығыс деректерін (журнал атауы, басылым жылы, том, нөмірі, беті) көруге болады.  Бұл қажетті мәліметтер басылым сайтының дұрыс құрылымы болған жағдайда қажетті мақаланы тез тауып алуға мүмкіндік береді. Түйін сөздер бойынша, мысалы Гугл мен Яндекстегі іздеу басқа түрде. Мұнда көптеген қажетсіз мәліметтер мен ғылыми мерзімді басылымдар шығарылады. Мұның алдын алу үшін ғалымдар тақырыптық мәліметтер базаларын қолданады. Индексу DOI арқасында жарияланған мәліметтерден дәйексөз алу саны ұлғаяды. DOI сілтемелердің жоғалуын азайтуға көмектеседі. Мұның бәрі не үшін әлемдік қоғамдастық DOI индексі жоқ мақалаларды мойындамайтынын түсіндіреді. Онсыз жарияланым ғаламторда қажетті тұрақтылыққа ие емес, өзгермелі, тіпті жоғалуы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде дәйексөз алу индексіне теріс әсерін тигізеді. 

     Әдебиеттер тізімі келесідей рәсімделеді: 

     Кітаптарға сілтемелерде ISBN (10 - немесе 13-мәнді) көрсетіледі. Көрсетілген журналдардың ғана атаулары қысқартылады:

     http://images.webofknowledge.com/WOK46/help/WOS/0-9_abrvjt.html. 

     Халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған мақалаларға сілтеме жасағанда DOI (DigitalObjectIdentifier) көрсетілуі керек. DOI мақаланың  PDF нұсқасында және/немесе мақаланың негізгі интернет бетінде көрсетіледі, сонымен қатар CrossRef: http://www.crossref.org/guestquery/ іздеу жүйесін қолдануға да болады. Төменде  сілтемелерді рәсімдеу мысалдары келтірілген: 

     Халықаралық журналдағы мақала

     1 Campry TS, Anders T. (1987) SNAP receptors implicated in vesicle targeting and fusion, Environ Pollut, 43:195-207. DOI: 10.1016/0269-7491(87)90156-4 (in Eng)

     Ағылшын тіліндегі нұсқасы жоқ орыс тіліндегі журналдардағы мақала 

     2 Ivanova TV, Samoilova NF (2009) Electrochemical Energetics [Elektrohimicheskaya energetika] 9:188-189. (In Russian) 

     Кітаптар: 

     Timrat TA (2008) Soil pollution: origins, monitoring and remediation, second edition. Springer, Germany. ISBN: 978-3-540-70777-6 

     Конференциялардың материалдары:

     Monin S.A. (2012) Treatment techniques of oil-contaminated soil and water aquifers. Proceedings of International Conference on Water Resources and Arid Environment, Riyadh, Saudi Arabia. P.123. 

     Патенттер: 

     Barin AB, Mukamedzhan NT (2000) A method for determination of 1,1-dimethylhydrazine and nitrosodimethylamine [Metodopredeleniya 1,1-dimetilgidrazina initrosodimetilamina]. Preliminary Patent of the Republic of Kazakhstan [Predvaritelnyi patent Respubliki Kazakhstan]. (In Russian)

 

     Стандарттар, МЕМСТтер:

     RMG 61-2003. Indexes of accuracy, precision, validity of the methods of quantitative chemical analysis, methods of evaluation [GSI.Pokazatelitochnosti, pravilnosti, retsizionnosti metodik kolichestvennogo himicheskogo analiza. Metodyiotsenki]. Moscow, Russia, 2003. (In Russian)

     http://www.translit.ru/ сайтында әртүрлі жүйелерді қолдана отырып, Орыс мәтінін латын мәтініне транслитерациялау бағдарламасын тегін қолдануға болады. Бағдарлама өте қарапайым, оны дайын сілтемелер үшін оңай қолдануға болады. Мысалға, АҚШ Конгресінің Кітапханасының (LC) жүйесі нұсқасын таңдай отырып, біз барлық әріптік сәйкестіктердің суретін ала аламыз. Арнайы аймаққа орыс тіліндегі библиографияның толық мәтінін қойып, «в транслит» нүктесін басамыз. Транслияцияланған сілтемені түрлендіреміз:

     1) мақаланың тақырыбындағы транслитерацияны алып тастаймыз;

     2) аймақтар арасындағы арнайы бөлгіштерді алып тастаймыз   (“//”, “–“);

     3) дереккөздің атауын қисық жазумен ерекшелейміз;

     4) жылды жартылай қалың шрифтпен ерекшелейміз; 

     5) мақаланың тілін көрсетеміз (in Russ.).

     Мақаланың соңында қазақ тілінде түйіндеме беріледі. Орыс тіліндегі нұсқа секілді рәсімделеді. Беттің ортасында мыналар жазылады: 1) мақаланың атауы; 2) авторлар; 3) ұйымдардың атаулары; азат жолдан – Түйін сөздер, содан кейін – Аннотация.

Соңғы бетке барлық авторлар қол қояды, мерзімі жазылады.    

     3. Мақалалар орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде жарияланады. 

     4. Журналдың  редакциялық алқасының өтініші бойынша мақаланы қайта өңдегенде келіп түсу уақыты редакцияның соңғы нұсқаны алған мерзімі саналады. Егер мақала қабылданбаса, редакцияның қабылдамау мотивтері жөнінде талқылау жүргізбеуге құқығы бар. 

     Мақала авторларынан барлық материалдарды бір құжатта (бір файлда)   ұсыну және мақаланы рәсімдеу барысында Ережелерге дәл  сүйену сұралынады. 

 

Құрметті авторлар!

 

     Қазіргі уақытта 250 шамасындағы қазақстандық ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар Clarivate Analitics пен Springer секілді беделді халықаралық компаниялардың  ақпараттық қорларына кіруге мүмкіндігі бар. Соңғы төрт жылда Thomson Reuters компаниясының Web of Science Core Collection ресурсының қолдану статистикасына сай қазақстандық жазылушылардың жолдауларының/қарауларының  саны  4 есеге артқан. 

     Ғылыми білімдердің әлемдік базаларына кіруге мүмкіндіктің болуын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылдың желтоқсанындағы ғалымдардың  Бірінші форумында ғылымды дамытудың басты құралы ретінде анықтады. 

     Қазақстандық ғалымдардың публикациялары әлемдегі жоғары талқыланатын мақалалардың 1%-на кіреді. 

     Талқылау барысында ең заманауи мәліметтерге сүйеніңіз, өз жұмыстарыңызды мүмкіндігінше азырақ қолданыңыз, халықаралық ресурстардың ақпараттарының дереккөздерінің ізденістерін қолданыңыз. 

     Әдебиеттік дереккөздерге сілтемелер аталуы бойынша тік жақшаларда беріледі  (кем дегенде 20). 

Редакция тел. 272-13-19. +7-777-394-33-89 

ҚР ҰҒА сайты: http:// nauka-nanrk.kz/ 

Эл. адрес:  akadem.nauk@mail.ru 

Мақаланы мақұлдау мен журнал нөміріне енгізілгеннен соң төлем жасалады, авторға төлем реквизиттері бар хат жолданады.

ҚР ҰҒА Төралқасының 22.08.2010 жылғы № 27 Қаулысына сәйкес 

ҚР ҰҒА Баяндамалары, ҚР ҰҒА Хабаршысы, ҚР ҰҒА Хабарлары. _____ Сериясы журналында жариялау 10 000 теңге.

«ҚР ҰҒА хабарлары. Геология мен техникалық ғылымдар сериясы» журналында жариялау үшін – 35 000 теңге. Мақалалар ағылшын тілінде қабылданады. 

 

Редакциялық этика 

     Редакциялық этика– жұмыстың сәтті өтуі үшін редакция (басылым) мен автордың дұрыс қарым-қатынас жасайтын жазылмаған ережелер. Олардың маңыздылары:

 

     1) плагиатқа жол бермеу, редакциялық құпияны сақтау, яғни автордың келісімінсіз ол жарияланудың алдында немесе кейін кітаптарды, зертханалық жұмысты, басылымдағы онымен жұмысты (басқа біреумен туындылардың кемшіліктерін, ондағы ескертулерді немесе түзетулерді талқыламау, кімді болса да ішкі рецензиялармен таныстырмау), автордың рұқсатынсыз к.-л. авт. түпнұсқасын оқуға бермеу;

     2) автор мен оның жұмысына оның ойларын, талаптарын және тілектерін ұғына отырып, оны өзіңнің сыныңмен түншықтырмай, оны қолдауға тырысып, сыйластықпен қарау, авторға өз шарттарыңды ұсынбай, тек қана жақсы негізделген ескертпелерге сүйене отырып келісу, еш жағдайда да автордың түпнұсқасында өздігінен емденбеу; 

     3) автордың туындысының сапасы редакция байқаған автордың қателерімен анықталмайтындығын ескерген жөн.

 

ҚҰРМЕТТІ АВТОРЛАР!

     Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының әр журналының өзінің ресми сайты бар. Авторларға қарауын өтінеміз, егер сіздер бір нәрсе қосқыларыңыз немесе түзеткілеріңіз келсе, бізге жазуларыңызды өтінеміз. Біз әрқашанда журналдар мен сайттардың жетілуі үшін барлық күш жұмсауға қуанамыз. Тізімді ұсынамыз:

 

http://www.bulletin-science.kz/index.php/ru/            ҚР ҰҒА Хабаршысы

http://reports-science.kz/index.php/ru/                      ҚР ҰҒА  Баяндамалары НАН РК        
http://www.chemistry-technology.kz/index.php/ru/  ҚР ҰҒА  Хабарлары. Хим -техн.сериясы                 

http://www.biological-medical.kz/index.php/ru/       ҚР ҰҒА  Хабарлары. биол-мед.сериясы                   

http://geolog-technical.kz/index.php/kz/                   ҚР ҰҒА  Хабарлары. Геол. сериясы

http://www.physics-mathematics.kz/                         ҚР ҰҒА  Хабарлары. физ-мат.сериясы

http://agricultural.kz/                                                  ҚР ҰҒА  Хабарлары.  Агр. сериясы 

http://soc-human.kz/                                                  ҚР ҰҒА  Хабарлары.  Әлеум. серия

 

! ! !

 

АВТОРЛАРҒА ҰСЫНЫС

 

  1. Өзекті тақырыпты таңдаңыз. Қазақстанда өзекті болған тақырып, шетелде сұранысқа ие емес немесе өте қатты ескірген болуы мүмкін.
  2. Зерттеудің ғылыми жаңалығын, түпнұсқалығын көрсету, таңдалған тақырыпқа бар мақалаларды талдау керек. Ол үшін Scopus, Clarivate Analitics, Web of Science, Springer Link базаларында жарияланымдарды, мақала тақырыбы бойынша шетелдік журналдардың соңғы шығарылымдарын қарап шығу керек.
  3. Әртүрлі және жаңа дереккөздерді – кітаптарды, мақалаларды, диссертацияларды максималды қолдану.
  4. Зерттеу нәтижелерін әлемдік зерттеуермен салыстырып, талдау, сіз соңғы оқиғалардан, глобалдық тенденциялардан және жаңалықтардан хабардар екеніңізді, зерттеудің өзекті екенін көрсетуіңіз керек.
  5. Мақаланың тақырыбы қысқа және ақпаратты болуы керек, әсіресе тақырыптамасы тар болса аббревиатураларды қолданудан бас тартқан жөн.
  6. Сапалы аударма жасау және оны сол тілде сөйлейтін адамға немесе мінсіз білімі бар аудармашыға берген жөн. Өкінішке орай, бұл уақыт жоғалту мен жаңа шығындарға алып келеді.


Бас редактор бағаны

FacebookTwitterMixxVimeo

Біздің журнал

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31