ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясы

Рецензиялау

РЕЦЕНЗИЯЛАУ ҮДЕРІСІ

     Журналдың редакциясына келіп түскен және формальды талаптарға сәйкес келетін мақалалар плагиат тексеру жүйесі арқылы тексерістен өтіп, әрі қарай құпия рецензенттерге жіберіледі. 

     Егер мақала авторы(лар)ының басқа ғалым(дар)мен  мүдделер қақтығысы болса, онда ол (авторлар) аталған мақаланы белгілі бір  ғалымға (шолушыға) жібермеу туралы мүдделер қақтығысының болуын көрсете отырып ілеспе хат дайындап,  мақаламен бірге жүктейді. 

     Рецензияланған мақала тақырыбы бойынша ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі бар және ғылыми мамандандырылған (кем дегенде екі) ғалым(дар) жүргізетін «екі жақты құпия» рецензиялау жүзеге асырылады.

     Шолу құпия түрде жүргізілетіндіктен мақаланың түпнұсқасы авторлар туралы мәлімет көрсетілмей, журналдың электронды платформасы арқылы рецензенттерге жіберіледі. Рецензенттерден мақаланың негізгі ғылыми критерийлерге сәйкестігіне, сондай-ақ оның маңыздылығының сапасына нақты, объективті және дәлелді баға ұсынуы қажет.

     Рецензенттерден қорытынды алғаннан кейін, бас редактор рецензенттердің деректерін көрсетпей, пікірлерге жауап беруі, тиісті өзгертулер енгізуі және қолжазбаны электронды платформа арқылы қайта жіберуі үшін (ескертпелер болған жағдайда) оларды кореспондент авторға жібереді. Автор(лар) мақалаға өзгертулер енгізіп, оны  журналдың редакциясына қайта жібереді.

     Барлық ескертпелер түзетілгеннен кейін ғылыми редактор материалдарды рецензенттерге (рецензенттерге) қайта қарауға жібереді.

     Екі рецензент пен жауапты редактордың оң пікірлері бар мақала, оларды жариялауға қабылдау тәртібіне сәйкес жариялауға ұсынылады. Редакция  мақұлдаған мақалалар әрі қарай үш тілдегі  жауапты редакторларға жіберіліп, жан-жақты тексерістен өткізеді (грамматикалық, стилистикалық), тексерістен өткен мақала баспаға жөнелтіледі.

     Егер рецензенттердің біреуі  мақала  туралы оң қорытынды, ал екіншісі теріс пікір беретін болса, онда ғылыми редактор мақала тақырыбы бойынша маман болып табылатын үшінші шолушыға немесе редакция алқа мүшесіне жібереді. Егер үшінші рецензент немесе редакция алқасының мүшесі оң пікір білдірсе, мақаланы жариялауды қабылдау / қабылдамау туралы түпкілікті шешімді журналдың ғылыми редакторы қабылдайды.

     Екі теріс пікір болған жағдайда, мақала журналға жариялаудан алынады.

     Өзара бағалау нәтижелері бойынша редакция алқасы қабылдамаған мақалалардың материалдарын редакция өз мақсаттарына пайдаланбайды. Редактор немесе жауапты хатшы корреспондент авторды мақаланың басылымнан алынып тасталғанынан хабардар етеді және дәлел ретінде  рецензенттердің пікірлерін жібереді.

     Журналдың электронды платформасында мсақалаларға арналған шолулар электронды форматта үш жыл бойы сақталады.

    Мақаланың қаралу мерзімін жауапты редактор тағайындайды, ал рецензенттердің мақаланы қарау мерзімі материалды рецензенттерге жіберген күннен бастап екі айдан аспауы қажет.